ПАЦИЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

рус

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пациенттің өз бетінше жинайтын барлық биоматериалдары тек қана пластик ыдысында қабылданады!

  1. Микробиологиялық және ПЦР-зерттеулеріне арналған пластик ыдысы стерильді болуы тиіс! Стерильді пластик ыдысын, анализ тапсырар алдында компанияның қабылдау пункттерінен немесе дәріханадан алу қажет.
  2. Микробиологиялық және ПЦР-зерттеулер үшін биоматериалды, дәрілік заттарды (мысалы: антибактериалдық, қышымаға қарсы және химиотерапевтік) қабылдауды бастамай тұрып немесе оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін кемінде 10-12 күн өткен соң тапсырады.
  3. Анализдердің көбісі ашқарынға, түске дейін сағат 8-ден 11-ге дейін тапсырылады (соңғы тамақты қабылдағаннан кейін кемінде 8 сағат өткен соң).
  4. Таңертең аздап су ішуге болады. Шай мен кофе – болмайды.
  5. Анализ тапсырар алдында бір сағат темекі шегуге болмайды.
  6. Анализдер тапсырғанға дейін бір күн бұрын стресс алуды, артық қимылдауды, күн тәртібі мен тамақ ішу кестесін өзгертуді, ішімдік қабылдауды болдырмау керек.
  7. Анализдерді тыныш көңіл күйде тапсыру керек. Қан тапсырар алдында 10-15 минут  тыныштықта отыру қажет.
  8. Қанды рентгенография, ректальды зерттеу немесе физиотерапевтік процедуралардан кейін тапсыруға болмайды.
  9. Қабылдау пунктінің қызметкеріне қандай да бір дәрілік препараттарды (оның ішінде – антикоагулянттар) қабылдайтындығыңыз туралы ақпарат беріңіз.
  10. Зертхана көрсеткіштерін динамикада бақылау қажет болса келесі зерттеуді бірдей жағдайда қайта жүргізу керек: бір зертханада, тәуліктің бірдей уақытында тапсыру және т.б.

 

МАҢЫЗДЫ! Түрлі зертханаларда зерттеудің айрықша әдістері және өлшем бірліктері қолданылады. Нәтижелерді салыстырудың нақтылығы және динамиканы қадағалау үшін зерттеуді бір ғана зертханада жүргізу ұсынылады, тек осы жағдайда ғана алынған мәліметтерді салыстыру сенімді болады.

 

Қанды зерттеу

Гемостазиологиялық зерттеулер үшін – әйел адамдарға қанды менструация аяқталған соң кемінде 7 күннен кейін тапсырған жөн болады, гинекологиялық операциялардан кейін келесі менструация басталғанға дейін күтіп және ол аяқталған соң қанды 5 күннен кейін тапсыру қажет.

 

Гормондардың деңгейін анықтау үшін қанды сағат 11-ге дейін тапсыру қажет. Қанды тапсырар алдында (30-40 мин., әсіресе АКТГ, кортизол, пролактин және гомоцистеинге) толығымен тынышталу қажет. Дәрігердің қан тапсыратын уақыттағы менструальды циклдың күні туралы ұсынысына көңіл бөліңіз.

 

Егер дәрігер ескертпесе, онда жыныстық гормонға қан тапсырылады:

  • Циклдың 3-7 күні - ЛГ, ФСГ, еркін тестостерон, 17-ОН прогестерон, Эстрадиол, ДГЭА, Тестостерон, Пролактин.
  • Циклдың 21- 23 күні – Прогестерон, Эстрадиол.

Кешкі кортизолға қан тапсыру үшін соңғы тамақтану кемінде 4 сағат бұрын болуы тиіс. Тағам көп және майлы болмау керек. Кешкі кортизолға сағат 17:00-ден кейін тапсырған жөн.

 

ПСА онкомаркерінің жалпы/еркін деңгейін анықтау үшін, Қуықастыбезі саулығының көрсеткіштерін

- зертханалық зерттеулерді қуықастыбезіне жүргізілген кез келген механикалық әсерлерден (массаж, биопсия, УДЗ және т.б.) кейін 7 күн өткен соң жүргізуге болады.

 

Биохимиялық зерттеулер үшін қанды аш қарынға тапсыру қажет (соңғы тамақтанғаннан кейін кемінде 8 сағат өткен соң). Тек сағат 11-ге дейін тапсырады. Зерттеудің алдында көп тамақтануға болмайды.

 

Холестерин, ЛПВП, ЛПНП, триглицеридтер, аполипопротеин А1, аполипопротеин В зерттеулері үшін қан қатаң түрде аш қарынға, 12-14 сағат тамақ ішпегеннен кейін тапсырылады.

 

Глюкозаны зерттеу үшін қанды аш қарынға тапсыру қажет, тісті тіс тазалауға арналған пастамен тазалауға, сағыз шайнауға болмайды..

 

Инфекция және басқа бөгде антиденелердің болуына зерттеу жүргізу үшін қан аш қарынға тапсырылған жөн, соңғы тамақтанудан кейін кемінде 4 сағат өткен соң ғана қан тапсыруға рұқсат беріледі. Тағам аз және майсыз болуы тиіс.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Инфекцияның болуына зерттеулерді орындау кезінде індет жұқтыру кезеңінен және иммунды жүйе күйіне байланысты теріс нәтиже алынуы мүмкін. Бірақ, осыған қарамастан, теріс нәтиже инфекцияның болуын толығымен жоққа шығармайды.

 

Күмәнданған жағдайларда қайталап анализ тапсыру ұсынылады (қанды қайталап тапсыру үшін керекті интервал нәтижеге берілген қосымшада көрсетілген).

 

Бір рет анықталған оң нәтиже диагноздың дәлелі болып табылмайды. Нақты бағалау үшін қанды кемінде 2 аптадан кейінгі аралықта және 4 аптадан асырмай қайталап зерттеу қажет. Екінші сарысуда антиденелердің 4 есеге артуы (осыған дейінгі тапсырылғанмен салыстырғанда) диагностикалық маңызды нәтиже болып табылады.

Қорытынды диагнозды ТЕК ҚАНА емдеуші дәрігер алынған зертханалық зерттеулердің нәтижелерін, клиникалық көрініспен алынған басқа мәліметтерді бағалай отырып қояды.

 

Зәрді зерттеу

Зәрді жинар алдында жыныс ағзаларына сабын, гель, антисептиктерді қолданбай гигиеналық туалет жүргізу керек. Оның алдында зәрдің түсін өзгертетін жеміс-жидектер (қызылша, сәбіз және т.б.), диуретиктерді қолдануға болмайды. Әйел адамдарға менструация кезінде және одан кейін (2-3 күн) анализ тапсыруға болмайды, алайда қажет болған жағдайда, зәрге іншек шығындыларын түсірмес үшін іншекке тампон салу ұсынылады.

Зәр Қабылдау пунктіне жиналған күні таңертең жеткізілуі тиіс.

 

Жалпыклиникалық зерттеулер үшін түні бойы қуықта жиналған. таңертеңгі ең алғашқы зәр тапсырылады. Алғашқы ағынын унитазға (бірнеше миллилитр) жіберу қажет, одан әрі 50-100 мл зәр контейнерге жиналады.

 

Нечипоренко әдісі бойынша зәр анализі. Түні бойы қуықта жиналған зәрдің таңертеңгі орташа бөлігі жиналады. Зәрдің алғашқы 15-20 мл. бөлігін унитазға жіберіп, ал зәрдің орташа 50-70 мл бөлігін дайын контейнерге жинап, қалған зәрді унитазға жіберу керек.

 

Зәрдің 2 стақанды сынамасын жинау үшін 2 контейнер дайындау қажет. Түні бойы қуықта жиналған таңертеңгі зәр алынады. Алғашқы ағысын (бірнеше миллилитр) унитазға жіберіп, одан кейін бірінші контейнерге 30-50 мл (бірінші бөлігі) жиналып, ал екінші контейнерге – барлық қалған зәр жиналады. Контейнерлерді белгілеу қажет.

 

Зәрдің 3 стақанды сынамасын жинау үшін 3 контейнер дайындау қажет. Түні бойы қуықта жиналған таңертеңгі зәр алынады. Алғашқы ағысын (бірнеше миллилитр) унитазға жіберіп, одан кейін бірінші

 

контейнерге 30-50 мл (бірінші бөлігі), екіншіге – 50-100 мл (екінші бөлігі), үшіншіге барлық қалған 30- 50 мл (үшінші бөлігі) зәр жиналады. Контейнерлерді белгілеу қажет.

 

Тәуліктік зәрді жинау үшін 2-3 литр көлеміндегі ыдыс әзірлеу қажет. Зәр тәулік бойы жиналады. Бірінші күні таңертең зәрді унитазға жіберу керек, осыдан кейін күні бойы, түні бойы жиналған барлық зәрді, сондай-ақ екінші күнгі таңертеңгі зәрді бір ыдысқа жинайды да, оны тоңазытқышта (+2+80С) зәр жинайтын уақыт бойы сақтайды. Жинау уақыты өткеннен кейін ыдыс/құмыраны пайдалана отырып, тәулік бойы жиналған зәрдің мөлшерін өлшеп, жазып алу керек. Ыдыстағы зәрді мұқият араластырып, жиналған зәрдің жалпы санынан 100 мл. пластик ыдысқа (контейнерге) құю қажет.

Зәрді қабылдау пунктіне жеткізген кезде – тіркеуші мейірбикеге тәулік бойы жиналған зәрдің мөлшерін (тәулік бойғы көлемі) хабарлау қажет.

 

Зимницкий әдісі бойынша зәр анализі. Зәрді зерттеуге 24 сағат ішінде жинайды, оның ішінде түнгі уақытта да. Сынама үшін 8 ыдыс дайындайды, әр ыдыста зәрді жинауға қажет уақыт көрсетілуі керек (жинау уақытының интервалы). Бірінші күні таңертең сағат 6:00да кіші дәретті унитазға жібереді, осыдан кейін әр 3 сағат сайын жеке ыдысқа зәрдің барлық мөлшерін жинайды, олар жинау уақытына сәйкес келеді: 9-12:00, 12-15:00, 15-18:00, 18-21:00, 21-24:00, 24-3:00, 3-6:00, келесі күннің таңертеңі

  1. :00-ға дейн. Егер ыдыс толып, бірақ кіші дәретке отыру қажеттігі туындаса, қосымша ыдыс алып, уақытын сол уақытпен жазу керек. Егер үш сағат ішінде кіші дәретке бару қажеттілігі жоқ болса, ыдысты бос қалдырады, оған жинауға сәйкес уақытты көрсетеді. Жинау кезінде зәрді +2+80С температурасында сақтайды. Зәрді жинау келесі күні таңертеңгі сағат 9:00 аяқталады. Барлық ыдыстар, оның ішінде бос және қосымша ыдыстар Қабылдау пунктіне жеткізіледі.

 

Нәжісті зерттеу

Зерттеу үшін жаңа бөлінген нәжісті жинайды. Оның алдында іш жүргізетін, белсендірілген көмір, темір, мыс, висмут препараттарын қабылдауға, тығын дәріні пайдалануға болмайды. Зәр немесе су үлгісінің қосылып кетуіне жол берілмеуі тиіс. Әйелдерде менструация кезінде нәжіске зерттеу жүргізуге болмайды, бірақ қажет болған жағдайда нәжіске іншек шығындыларын түсірмес үшін іншекке тампон салу ұсынылады. Нәжіс клизма және іш жүргізетін препараттарын қолданбай жиналуы тиіс. Нәжіс жинар алдында зәр шығарып, гигиеналық процедураларды жүргізу керек.

Нәжісті таңертең жинау қажет. Зерттеу үшін нәжіс сынамасын әр жерінен алу керек, оны контейнердің 1/3 көлемінен аспайтын мөлшерде және шай қасығының көлемінен кем болмайтын етіп, бір рет қолданылатын контейнерге салады.

Гельминттің жұмыртқасына тексерілетін нәжісті жылдам уақытта Қабылдау пунктіне жеткізу қажет.

 

Нәжісті дисбактериоз, сальмонеллез, иерсиниозға зерттеу. Табиғи нәжіс шығару жолымен нәжісті үтікпен үтіктелген қағаз парағына жинаңыз (зәр кетіп қалмауын байқаңыз). Нәжіс қақпағы бұралып жабылатын, контейнер көлемінің 1/3 бөлігінен аспайтын, қасығы бар бір реттік стерильді контейнерге шай қасығының көлемінен аспайтын мөлшерде жиналады.

 

Сақтауға қойылатын талаптар:

  • Нәжісті мұздатуға болмайды;
  • Нәжісті 5 - 6 сағаттан артық сақтауға болмайды.
  • Алдын ала жиналған нәжіс зерттеуге алынбайды.

 

Урогенитальды жол (жағындылар, қырындылар)

ПЦР-зерттеулерге арналған биоматериалды дәрілік заттарды (мысалы: антибактериалдық, қышымаға қарсы және химиотерапевтік) қабылдауды бастамай тұрып немесе оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін кемінде 10-12 күннен кейін тапсырады.

 

Биоматериалды тапсырғанға дейінгі 2-3 күнде жыныстық қатынаста болмау керек. Анализ тапсыратын күні жыныс ағзаларына сабын, гель, антисептиктерді қолданбай, әдеттегі сумен гигиеналық туалет жүргізу керек. Анализ тапсырғанға дейін 2-3 сағат кіші дәретке бармаған дұрыс.

ПЦР зерттеулері үшін, аурудың баяу ағымы кезінде (әсіресе гонорея, хламидиоз және кандидоз) зерттеу алдында тұзды және бұрышты тағам жеп, сыра ішумен қоздырған жөн болады.

 

Әйелдер: зерттеуді менструация кезінде жүргізуге болмайды, 1-2 күн бұрын бала көтертпейтін кез келген іншек таблеткаларын, шарлар, тығындыларды пайдалануды тоқтатқаны жөн; кольпоскопиялық сынамалар мен гинекологиялық тексеруді өткізгеннен кейін жағындылар алуға болмайды.

Ер адамдар: ірің бөлінген жағдайда жағындыларды кіші дәретке отырған соң 15-20 минуттан кейін алу ұсынылады.

 

Эякулятты зерттеу

Маңызды! Биоматериал кемінде 48 сағаттық және 7 күннен артық болмайтын жыныстық қатынастан тартынудан кейін тапсырылады. Бұл кезеңде алкоголь, дәрілік препараттар қабылдауға, монша немесе саунаға баруға болмайды, УВЧ түспеу керек. Екінші қайтара зерттеу кезінде, мүмкіндігінше алынған нәтижелердің ауытқуын түсіру үшін осы ережелерді сақтау кажет.

Эякулятты мастурбация әдісімен алады. Эякулят контейнерге жиналады, контейнерді алдын ала дәріхана немесе қабылдау пунктінен алу қажет.

Шәует жинау үшін мүшеқапты пайдалануға тыйым салынады (мүшеқаптарды өндіру кезінде пайдаланылатын заттар сперматозоидтердің жылжу дәрежесіне әсер етуі мүмкін).

Шәуетті тасымалдау кезінде +27°С-ден +37°С-ге дейінгі температурада сақталынады, эякулятты тасымалдаудың ұзақтығы жинау сәтінен бастап зерттеу жүргізуге дейін 1 сағаттан аспауы тиіс.

Мына жерде жиналады:

  • Алматы қ. үшін «Орталық» қабылдау пунктінде;
  • өңірлер үшін сателлитті зертханалар жанындағы қабылдау пункттерінде.

 

Микробиологиялық зерттеулер

Микробиологиялық зерттеулерге арналған биоматериалды дәрілік заттарды (мысалы: антибактериалдық, қышымаға қарсы және химиотерапевтік) қабылдауды бастамай тұрып немесе оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін кемінде 10-12 күн өткен соң тапсырады.

 

Биоматериал Қабылдау пунктіне жинаған күні таңертең жеткізілуі тиіс.

 

Қақырыққа микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін стерильді контейнер дайындау қажет. Қақырық жинар алдында тісті тазалап және ауыз бен жұтқыншақты қайнаған сумен шаю керек. Бронхыдан қақырықты стерильді пластик ыдысына жөтелу жолымен жинайды (ауыз қуысынан шығатын сілекейді жинауға болмайды).

 

Емшек сүтіне микробиологиялық зерттеу жүргізу. Екі стерильді пластик контейнерін дайындау қажет. Сүтті сүзер алдында қолды және сүт бездерін сабынмен мұқият жуып, емшек пен емшек маңын спиртті сүрткімен (әр без жеке сүрткімен өңделеді) сүрту қажет.

 

Алғашқы 5-10 мл. жеке ыдысқа сүзіп (сүттің осы бөлігі зерттеуге жарамсыз), келесі 5-10 мл қақпағы бар стерильді контейнерге сүзіп, бұл ретте контейнердің шеттері мен қақпақтың ішкі бетіне қол тигізбеуге тырысу керек. Сүт әр безден жеке таңбаланған ыдысқа жиналады.

 

Синовиальды, плевралық сұйықтықты, өтті микробиологиялық зерттеу. Талдауды дәрігер стерилді шприцке (кемінде 5 мл көлемінде) алады. Пациент Қабылдау пунктіне стерильдікті бұзбай (шприцтің қақпағы да, инесі де алынбауы қажет!) әкеліп өткізеді.

 

Шәуетті микробиологиялық зерттеу.

Шәуетті жинауға арналған стерильді пластик ыдысын дайындау керек. Жыныс мүшенің гигиеналық туалетін жүргізуі қажет – шеткі тәнді артқа тартып (егер ол сүндеттелмесе), жыныс мүшенің басын қайнатылған жылы сумен жуып, таза орамалмен кептіріледі. Қақпағы бар стерильді контейнерге шәует мастурбация әдісімен жиналады, бұл ретте контейнердің шеттері мен қақпақтың ішкі бетіне қол тигізбеуге тырысу керек. Шәует жинау үшін мүшеқапты пайдалануға тыйым салынады.

 

 

Басқа зерттеулер

 

Ішек құртына (острицаға) анализ алу. Жабысқақ мөлдір таспаның 2-4 см бөлігін дайындаңыз. Таңертеңгі ұйқыдан кейін кіші және үлкен дәретке бармай, жыныс ағзалары және перианус аумағын жумас бұрын, перианустық қыртыс аумағынан анал тесігінің айналасына жабыспалы таспаның бөлігін баса отырып, биоматериалды алу процедурасын жүргізіңіз. Осыдан кейін жабыспалы таспаның бөлігін төсеніш шыныға жабыстырыңыз (қыртысты БОЛДЫРМАУ КЕРЕК!), төсеніш шыныны таза қағазға орап, сол күні таңертең Қабылдау пунктіне жеткізіңіз.

Ақ, түрлі түсті, күңгірт жабысқақ таспаны пайдалануға БОЛМАЙДЫ.

 

Демодекс.

Зерттеудің осы түріне арналған материалды тапсырар алдында 24 сағат бұрын крем, мазь, гель қолдануға, тамшыларды қолдануға болмайды. Материалды тапсыратын күні жуынуға, боянуға болмайды.

 

Риноцитограмма

Зерттеудің осы түріне арналған материалды тапсырғанға дейін 24 сағат бұрын крем, мазь, гель қолдануға, тамшыларды, назальды спрейлерді қолдануға болмайды

 

ПЦР зерттеуіне арналған конъюнктивадан алынатын қырынды (сүртінді).

ПЦР-зерттеулеріне арналған биоматериалды, дәрілік заттарды (мысалы, антибактериалдық, қышымаға қарсы және химиотерапевтік) қабылдауды бастамай тұрып немесе оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін кемінде 10-12 күн өткен соң тапсырады.

Зерттеуге дейін 24 сағат бұрын крем, мазь пайдалануға болмайды. Материалды тапсыратын күні жуынуға, боянуға, көзге арналған тамшыларды пайдалануға болмайды.

 

ПЦР зерттеуіне арналған беттің ішкі бетінен қырынды (сүртінді) алу.

ПЦР-зерттеулеріне арналған биоматериалды дәрілік заттарды (мысалы, антибактериалдық, қышымаға қарсы және химиотерапевтік) қабылдауды бастамай тұрып немесе оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін кемінде 10-12 күн өткен соң тапсырады. Биоматериалды таңертең аш қарынға алынады. Анализ алдында тісті тазалауға болмайды.

 

УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ДИАГНОСТИКА

 

Ішкі ағзалардың ультрадыбыстық зерттеуінің (УДЗ) сапалы нәтижелерін алу үшін процедураға дұрыс дайындалу қажет.

 

Құрсақ қуысы ағзаларына УДЗ жүргізуге дайындық:

  1. Құрсақ қуысы ағзаларына УДЗ аш қарынға жүргізіледі, сондықтан процедура жүргізгенге дейін 8- 12 сағат тамақ ішпеу керек. Егер зерттеуді таңертең жүргізу мүмкін болмаса, жеңіл таңғы асты ішуге болады.
  2. Процедураны өткізгенге дейін 2-3 күн бұрын келесі диета ұстанған дұрыс болады: ішекте газ жинайтын тағамдарды (шикі жеміс пен көкөністер, қара нан, қаймағы алынбаған сүт, бұршақ тұқымдастар, газдалған сулар, ашытқан қырыққабат, квас, жоғары калориялы кондитер өнімдері – торттар және т.б.) рационнан АЛЫП ТАСТАУ қажет.
  3. Зерттеуге дейін темекі шегуге болмайды. Егер Сіз дәрілік заттарды қабылдайтын болсаңыз, онда ол туралы УДЗ дәрігерін ескертіңіз.

Гастро-және колоноскопиядан кейін зерттеулер жүргізуге БОЛМАЙДЫ!

 

Кіші жамбас ағзаларына (қуық, жатыр, әйелдердегі қосалқы қуықалды без және еркектердегі ұрықтық көбікшелер) УДЗ жүргізуге дайындық:

  1. Трансабдоминальды УДЗ (қарын арқылы) зерттеу қуық толық болған кезде жасалады, сондықтан зерттеуге дейін 3-4 сағат ішінде кіші дәретке отыруға болмайды және процедураға дейінгі 1-1,5 сағат бұрын 1 литр газдалмаған су (шай, су, морс) ішу қажет. Дәретке шыдау мүмкін болмаған жағдайда аздап қуықты босатып, зерттеу сәтінде қуықтың толық толуына қол жеткізу үшін аздап су ішу керек.

 

  1. Трансвагиналды УДЗ үшін (қынап арқылы ТВ-УДЗ) арнайы дайындық талап етілмейді, бұл зерттеу сонымен бірге ерте кезеңдегі жүктілікті анықтау үшін де қолданылады.
  2. Қуықалды безінің трансректальды УДЗ (тік ішек арқылы ТР-УДЗ) жасар алдында 1,5 литр сумен тазартқыш клизманы жасау керек. Қажет болса, таңертең ішекті, ал зерттеу алдында қуықты босату керек. Зерттеуді ашқарынға жасаудың қажеті жоқ, сондықтан процедура жасар күні тамақ ішуге  болады.

 

Бүйректі УДЗ дайындау: бүйректі арнайы дайындықсыз зерттеуге болады. Пациентте артық салмақ пен ішекте газ түзілуі жоғары болса құрсақ қуысы ағзаларына УДЗ жүргізгендей дайындалу қажет (2.1. т. қараңыз).

 

Сүт безін УДЗ жүргізуге дайындау: сүт безін зерттеуді менструальды циклдың алғашқы 10 күнінде жүргізген дұрыс болады.

 

Арнайы дайындықты талап етпейтін УДЗ зерттеулер: жүрек, тамырлар, қалқанша безі, буындар, ұма және жыныс мүшесі, лимфалық түйіндер, бүйрек (қалыпты салмақта).